Қазақстанда мемлекеттік символдарды тиісті емес деңгейде қолданудың 6 оқиғасы тіркелген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік символдарды тиісті емес деңгейде қолданудың 6 оқиғасы тіркелген.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік символдары. 25 жыл: тарих пен қолдану тәжірибесі» атты ғылыми-практикалық конференцияда ҚР ІІМ оқыту орталығының жетекшісі, полиция полковнигі Мұрат Есмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2025 жылы осындай 8 құқықбұзушылық тіркелген. 2016 жылы - 15 және биыл 5 айда - 6 құқықбұзушылық», - деп атап өтті М. Есмағамбетов.

Оның сөзі бойынша, жауапкершілікке негізінен түрлі ұйымдардың басшылары тартылады.

«Бізде 2014 жылы қабылданған стандарттар енгізілді, 2008 жылы болған ескі стандарттар да бар. Басым ретте ескі стандарттармен жасалған гербтің үстіне жаңа жылдың инвентаризациялық нөмірін жабыстырады, бұл бұрмалау болып табылады. Осы құқықбұзушылық үшін аталмыш ұйымның бірінші басшылығы жазаға тартылады»», - дейді ол.

Полиция полковнигінің мәліметтері бойынша, ғимараттың ішінде негізінен ескі стандартпен жасалған герб ілулі тұрады. Түнде оны жарықтандыратын шамдар болмайды.

«Сондай-ақ түсіндегі гаммалары сәйкес келмейтін кездер көп кездеседі. Бұйрықтар мен өзге  құжаттарда қара түсті елтаңбаның суреті бастырылады. Ол да құқықбұзушылық болып есептеледі», - деп түйді сөзін Мұрат Есмағамбетов.