Қазақстанда мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлер қорын басқаратын компания құрылады
Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісінде агенттік төрағасының орынбасары Николай Тихонюк мәлім етті.
Оның атап өтуінше, аталған заң жобасы мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлер қорын басқаратын мамандандырылған компания құру нормасын қарастырады.
«Тұрғын үйді пайдалануға беру барысында мемлекеттік тұрғын үй қорына жататын барлық пәтерлер жекешелендірілгенге дейін кондоминиум нысаны болып табылмайды әрі өзінің басқару органы жоқ. Сондықтан да осы кезең аралығына мамандандырылған басқарушы компания құру болжануда», - деді ол.
Н.Тихонюктің сөзіне қарағанда, бұл компания жиналыстар өткізу, пәтер жалдаушылардан жазбаша сауалнама алу, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу, жалпы жиналыс шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру, сервистік қызмет субъектілерімен келісімшарт жасасып, оның орындалуын қадағалау жұмыстарымен айналысатын болады.