Қазақстанда мемлекеттік- жекешелік әріптестікте қанша жоба қамтылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік- жекешелік әріптестік саласында қанша жоба іске асырылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 шілдедегі жағдай бойыншамемлекеттік-жекешелік әріптестікте 565 жоба бекітілді. Оның сомасы 1,2 трлн теңгеге жетті.Соның 9-ы республикалық жоба болса, қалған 556-сы өңірлерге тиесілі», - деді М.Такиев.

Осы орайдажобалардың көбісі білім беру (276 жоба), денсаулық сақтау (114), тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы (65), мәдениет және спорт (49) салаларындақамтылған.

«Білім беру саласында негізінен балабақшаларескерілген. Сонымен қатар, бізде студенттер үшін жатақханалардың құрылысыжоспарланған. Бұл тұрғыда Қарағанды, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстаноблыстарында жобалар бар», - деді вице-министр.

Естеріңізгесала кетейік, биыл мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласынақатысты тапсырмалар берді.