Бизнеске әкімшілік кедергілерді азайту жұмысы аясында ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік қызметтің стандарттарын қайта қарап, жаңадан бекітті.
Мысалға, өлшеу құралдарының типін бекіту жөніндегі сертификат алуға қажетті құжаттар саны 8-ден 3-ке дейін, қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнінен 15 күніне дейін, сол сияқты метрологиялық аттестация туралы сертификатты алуға қажетті құжат саны 7-ден 2-ге дейін, ал қызмет көрсету мерзімі 20 жұмыс күнінен 15 күнге дейін қысқартылды.
Мемлекет басқаруындағы, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызмет көрсетуді атқару жөніндегі нормативтік құжаттарды келісу мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 20 жұмыс күнінен 5 күнге дейін қысқартылды.
Түзетулер 2015 жылғы 5 қазаннан бастап күшіне енеді.
Мұның сыртында, 2016 жылдан бастап үш мемлекеттік қызмет ХҚО арқылы көрсетілетін болады. Атап айтқанда, өлшеу құралдарының типі бекіту туралы сертификат, аттестаттау және сарапшы-аудиторды аттестаттау туралы сертификаттар осы ХҚО арқылы беріледі.
Бүгінгі күнге 2 мемлекеттік қызмет, атап айтқанда сарапшы-аудитордың аттестатын және мемлекеттік рәміздерді әзірлеп шығаруға лицензия беру электронды портал арқылы атқарылады. Бұл тапсырыс берушінің мемлекеттік қызмет жөнінде өтінім жасауы қызмет нәтижесіне қол жеткізуі қызмет тұтынушының жеке кабинеті арқылы алуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметті тұтынушыларға қолайлы болуы үшін www.memst.kz сайтында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, рұқсат беруші құжаттар паспортының тізбесі орналастырылған, делінген таратылған хабарламада.