«2012 жылдың ішінде мерзімінде төленбеген салықтарды қысқарту және оның өсіміне жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілді. Қорытындысында мерзімінде төленбеген салықтар 142,9 млрд. теңгеге төмендеді және 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 81,3 млрд. теңгені құрады», - деді министр.
Б.Жәмішевтің атап өтуінше, қазіргі уақытта мерзімінде төленбеген қарыздарды одан әрі төмендетуге қажетті резерв бар. «Өйткені оның 40,5 пайызы өндіріп алу мүмкіндігі жоғалған, мерзімінде төленбеген салықтарға тиесілі. Олар бойынша материалдар жалған кәсіпкерлік белгілерінің болуына орай құқық қорғау органдарына берілген», - деді ол.