Қазақстанда министрлік қызметкерлері жаңа форматта біліктіліктерін жетілдіруде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мемлекеттік қызметшілерді Development Day форматында оқыту енгізілді, деп хабарлады министрлік Facebook-тегі парақшасы арқылы.

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, Development Day- мемлекеттік қызметшілерді стандартты емес форматта оқытудың жаңа тәсілі.Аталған әдіс бойынша оқытуды апта сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Әрбіріс-шара қызметкерлердің жеке қасиеттерін дамытуға, жаңа қырларын анықтауға,сондай-ақ инновацияларды дамыту, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық сауаттылықжәне т. б. салаларда олардың құзыреттілігін арттыруға бағытталады. Алғашқыкездесуге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының ректорыАльтаир Ахметов бастаған Академия өкілдеріде қатысты.

Жобаның маңызды міндеті –қызметкерлерді жүйелі түрде оқыта отырып, уақытын тиімді үнемдеуге, алдынамаңызды міндеттер қоюға және оларды орындау кезінде басымдықтарды айқындауғаүйрету. Кәсіби коучерлер мен министрліктің сарапшылары қолданатын әдістерқызметкердің тиімділік көрсеткішінің сандық және сапалық жағынан өсуіне қолжеткізуге көмектеспек.

Министрліктің алдында қойғанміндеттерге орай, қызметкерлерді оқытудың жаңа әдістерін енгізу қажеттілігітуындаған болатын.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрі Асқар Жұмағалиев атап өткендей, қызметкерлердің біліктілігін арттыру,олардың жаңа дағдыларды игеріп, іскерлігін шыңдау, жеке мақсаттары мен ұжымдықдаму стратегияларын үйлестіру әрбір қызметкердің және министрлік жұмысыныңтиімділігін арттыруға ықпал етпек.

«Министрлік - бұл процестері менқұрылымы нақты регламенттелген мемлекеттік орган ғана емес, бұл, біріншікезекте, инновациялар мен digital-трендтерді енгізуге қабілетті, сондай-ақ жаңаидеялар мен жобаларды жүргізуге ұмтылатын мамандар. Және де біз жаңаша ойлауға,ерекше әрекет етуге тиіспіз. Бұл үшін біздің қызметкерлердің ақпарат ағыны ментерең білімді тұрақты түрде алып отыруы маңызды. «Development Day» форматыжақын арада айтарлықтай нәтиже беретініне сенімдімін», - деп атап өтті АсқарЖұмағалиев кездесу барысында.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттікбасқару академиясы да оқытудың жаңа форматы оң нәтиже береді деген көзқараста.

«ҚР Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігі - қызметкерлердің білікті жаттықтырушыларменжәне сарапшылармен өзара іс-қимылының жаңа форматын енгізген алғашқымемлекеттік органдардың бірі. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіби тақырыпты егжей-тегжейліталдап, мамандығының қыр-сырын үйрету үшін спикерлерді сырттан шықырып қанақоймай, министрліктің қызметкерлерін тартуға болады. Сондықтан мұндай оқытуларбір реттік семинарлар мен курстарға қарағанда әлдеқайда тереңірек білім беретінпроцесс. Бұл академия миссиясымен келісілетін ұзақ процесс, өйткені біз елдіңмемлекеттік аппаратын кәсібилендіруге бағыт ұстап отырмыз. Ал мұндай іс-шаралараталған процесті жеделдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан, барлық мемлекеттікоргандарға осы тәжірибені енгізуді ұсынамыз», - деді сессия аясында өзпікірімен бөліскен Академия ректоры Альтаир Ахметов.

Жаңа форматтағы оқыту шарасынажұмыстан тыс уақытта барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Жобаның негізгімақсаты – министрлік қызметкерлерінің кәсіби және жеке құзыретін арттыру.