2017 жылы моноқалалар мен шағын қалаларды салуға «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 7,2 млрд теңге бөлінеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда, екі есеге төмен.
Дегенмен, 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына сәйкес, келесі жылы «үшінші деңгейдегі» қалаларды қаржыландыру 5 есеге ұлғайып, 37,8 млрд теңгеге жетеді. Ал 2019 жылы ол 55,4 млрд теңгеге дейін артады.
2017 жылы дамыту бағдарламасының инфрақұрылымдық жобалары 7 өңірде ғана жүргізілуде: Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Павлодар, Қостанай және Алматы облыстарында. 9 моноқалада 14 жоба іске асырылатын болады.
Ең көп қаражат Қарағанды облысына бағытталады - 3,3 млрд. Оның 1,3 млрд теңгесі - Шахан кентінде қазандық пен жылу жүйелерін салуға, 1,2 млрд теңгесі Пришахтинскіде жылу магистралін қайта жаңартуға бағытталды. Екінші орында ШҚО - 1,5 млрд теңге. Үшінші орында Жамбыл - 1 млрд теңге.
Атап өтейік, 2018 жылы бюджеттік бағдарламамен «үшінші деңгейдегі» барлық қала (27 моноқала, 41 шағын қала) қамтылатын болады. 70-тен астам жоба мақұлданады.