«Біздің қоғамды алаңдататын мәселенің бірі - ол балық аулауда тыйым салынған құралдарды пайдалануға байланысты. Өздеріңіз білесіздер, Еуразиялық экономикалық одақ аумағына белгілірі бір балық аулау торларын кіргізуге тыйым салынған. Сонымен қатар оларды балық шаруашылығы су қоймаларында да пайдалануға рұқсат етілмейді. Алайда, аталған құралдарды сатуға тыйым салу бойынша нормативтік-құқықтық акт қабылданған жоқ. Бүгінде біз Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, оны мемлекеттік органдармен келісуге жолдадық. Аталған қаулы жобасымен ЕАЭО-ның кедендік аумағына кіргізуге тыйым салынған аулау құралдарының сатылуы шектеледі», - деді Н. Жүнісов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда моножіптер мен моноталшықтардан жасалған аулар бір рет қолданылған соң іске жарамсыз болып қалады және бағасы арзан болғаны себепті де балықшылар тарапынан ұдайы өзен-көлдерде қалдырып кетеді. Бұл өз кезегінде балықтардың көптеп қырылуына алып келеді.