АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мүгедектерді такси қызметімен қамтамасыз ету үшін жылына шамамен 90 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлім етті.
«Қазіргі таңда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бізде барлық өңірлерге шамамен 90 млн. теңге бөлінеді. Әртүрлі өөңірлерге берілетін сома теңгерімделген. Бұл қаржы инвотакси қызметін дамытуға бағытталады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, бүгінде республика аумағында 110 инвотакси мүгедек азаматтарға тасымал қызметін көрсетуде. Олар жылына орташа есеппен 192 мың тапсырыс орындайды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.