Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
Келісімге қол қою рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, «PSA» ЖШС бас директоры Бекет Ізбастин, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг (КПО) жобасының басшысы Эдвин Блом, Норт Каспиан Оперейтинг Компани (НКОК) басшысы Ричард Хоув және Теңізшевройл (ТШО) жобасының басшысы Имер Боннер қол қойды.
Орталық жұмысының мақсаты жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары мен сервистік орталықтар ашу, инвестициялық қызметті қолдау арқылы Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін тауарлар өндірісін оқшауландыру болып отыр.