«Сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, химия, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады», - делінген хабарламада.
ҚР ҰЭМ хабарлауынша, төмендеу Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.
Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды.