2015 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты өндіруші компаниялар шығыстарды қысқарту бойынша шараларды қабылдағанына тоқталған министр: «Дегенмен де қазіргі кезде Үкіметтің экономикалық блогымен бірлесе негізгі өндіруші кәсіпорындардың ахуалына қаржылық талдау жүргізілуде. Мұнай өндіру деңгейін сақтауға және осы компаниялардың әлеуметтік міндеттемелері орындалуы үшін наурыздың аяғына дейін салық салуды оңтайландыру, ағымдағы инвестициялық шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданады», - деді.
Сонымен қатар ол жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізілуі мүмкіндігін атап өтті.