деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанға Ресейден былтыр 6 миллион тонна мұнай және 2 миллион тонна мұнай өнімдері импортталды. Өңделген мұнайдың 6,6 миллионы қазақстандық, 5,4 миллионы ресейлік мұнай. Павлодар мұнайхимия зауытына 4,1 миллион тонна (100 пайыз), Шымкент мұнай өңдеу зауытына 1,23 миллион тонна, Атырау мұнай өңдеу зауытына 1,19 миллион тонна мұнай Ресейден жеткізіледі. Сондай-ақ 970 мың тонна бензин, 390 мың тонна дизель отыны, 73 мың тонна авиакеросин, 36 мың тонна мазут әкелінді», дейді Павлодар мұнайхимиясы заутының Бас директоры Шухрат Данбай. Оның айтуынша, отандық зауыттардағы негізгі шикізат жеткізушілер Атырауда «ҚазМұнаГаз» сауда үйі, Шымкентте «Торғай Петролиум». Жалпы 2009 жылы мұнай өнімдерін тұтыну 9,7 миллион тонна болды. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға артық. Осыған қарамастан мұнай өнімдерінің импорты біршама азайды. Мәселен бензин бұрынғы деңгейде қалса, керосин 143 мыңнан 73 мың тоннаға дейін кеміп отыр.