«Қазіргі уақытта Үкімет мұрағат саласында жеке ведомство құру мәселесін пысықтап жатыр. Бұл мәселеге қатысты шешім қосымша хабарланатын болады. Жалпы, мұрағат саласын дамыту мәселесі Үкіметтің тұрақты назарына алынған», - деді Асқар Мамин.
Сонымен қатар ол Қазақстан Үкіметі заманауи мұрағат қызметін құруға айрықша мән беретіндігін баса айтады.
«Атап айтқанда, мамандық мәртебесін арттыру үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық пен өңірлік мұрағаттардың 2 мыңнан астам қызметкерінің жалақысы тиісінше 50 және 35 пайызға көтерілді. Бұл мақсатқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетте 2,8 млрд теңге көзделген», - деді Премьер-Министр.