Қазақстанда мұрағаттар автоматтандырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұрағаттар жұмысы автоматтандырылады, деп хабарлады Kazpravda.kz.

«ХҚКО жұмыстарын 2010 жылы қалай автоматтандырсақ, қазір де 3 жылдың ішінде мұрағаттар жұмысын автоматтандыруды көздеп отырмыз. Бұл жұмыстың нәтижесінде қызмет көрсету мерзімі қысқарып, оның сапасы артады. Мәселен, бүгінде Мемлекеттік мұрағаттан еңбек өтілін растайтын анықтама алу үшін 1-ден 6 айға дейін уақыт қажет болса, ішкі бизнес үрдістерін автоматтандырудан кейін бұл уақыт едәуір қысқарады. Мұрағат материалдарымен жұмыс істейтін зерттеушілер де оң өзгерісті сезетін болады. Олар республиканың мұрағат құжаттарына қашықтықтан қол жеткізе алады», - деп ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы А. Жұмағалиев жоспарларымен бөлісті.