«Бірыңғай жалпы республикалық музей желісін құру нәтижесінде барлық музейлер бір ұйымда бірігетін болады, бұл өз кезегінде олардың қызметін үйлестіруді атқарып, ел ішінде және сыртта музейлер арасында байланысты дамыту үшін жағдай жасалады», - деді ол.
Министрдің орынбасарының сөзіне қарағанда, Ұлттық кеңес қосымша музей қорларын іздеумен және жинаумен айналысады, археология мен тарих, музей ісінде зерттеу жобаларына ғылыми қызметкерлерді тартады, сондай-ақ қосымша қаржыландыру көздерін табу мақсатында тиісті жұмыстарды іске асырады.
Оның пайымынша, музейлер тарихи-мәдени мұраны кеңінен дәріптеу мақсатында ғылыми мекемелердің, мұрағаттардың, кітапханалардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығының тірек орталығы болуы тиіс.