Қазақстанда нан өнімдерінің бағасы қанша
Қазақстанда қырыққабат және картоп қосылған бәліш, тандыр самса, ет қосылған және тәтті пирог құны қанша? Салыстыру кезінде кейбір қалалар арасындағы бағада 500% айырмашылық бар екені анықталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Қазақстандағы өндірісте бірыңғай технология, логистика болғанымен нан өнімдерінің бағасы аймақтарда әртүрлі.
Біз еліміздегі 20 ірі және орташа қалалардағы, астанадан бастап оңтүстік пен батыстағы бағаны салыстырдық. Баға әртүрлі. Оған қоспалардың құны, бәсекелестік деңгейі, логистика, ғимаратты жалға алу және пісіретін аспаздардың жалақысы себеп.
Мәселен еліміздің оңтүстігіндегі Түркістан, Шымкент және Қызылордада көше саудасы жақсы дамыған. Сондықтан болар баға төмен. Ал сұраныс көп әрі ғимаратты жалға алу құны қымбат Алматы мен Астанада баға жоғары.
Қырыққабат қосылған бәліш бағасы 135-400 теңге аралығында
Баға Шымкентте арзан. Мұнда бәлішті 135 теңгеге сатып алуға болады. Екінші орында — Петропавл мен Түркістан (150 теңге), одан кейінгі орында Қызылорда, Көкшетау мен Павлодар (160-180 теңге) тұр.
Қарағанды, Қостанай мен Ақтөбеде баға 250 теңге болса, Астана мен Жезқазғанда да 250 теңге шамасында. Ал Алматы, Өскемен мен Оралда бәліш бағасы 300-400 теңге аралығында.
Пеште піскен және тандыр самса
Пеште піскен самса бағасы қолжетімді. Орташа бағасы 250-350 теңге, ал кейбір өңірде одан да төмен. Мәселен Қызылордада 180 теңге, Атырауда 260 теңге, Шымкентте 180-300 теңге аралығында.
Тандыр самса құны Астана, Жезқазған және Ақтөбеде — 550-600 теңге. Шымкентте тандыр самса құны 750 теңгеге жетті. Бұл еліміздегі ең жоғары баға. Ал арзанын Петропавлдан (400 тг) және Қызылордадан (300 теңге) таба аласыз.
Ет қосылған пирогтің келісі — 5 200 теңге
Ет қосылған пирог — рейтингтегі ең қымбат нан өнімі. Қызылорда мен Түркістанда келісі — 2000 теңге. Бұл ең төмен баға. Көкшетау, Тараз, Оралда (2700-3000 теңге) баға сәл жоғары.
Алматы, Астана, Қонаев пен Қарағандыда баға 3000-5 500 теңге аралығында. Ал Семей мен Өскеменде баға — 4500-5000 теңге. Ал ең қымбат ет қосылған пирог Атырау мен Петропавлда. Мұнда келісі 7200 теңгеге дейін жетеді.
Тәтті пирог бағасы қоспаға байланысты әртүрлі
Тәтті пирог бағасы ет қосылған пирогқа қарағанда жоғары. Бұл жолды да Түркістанда баға төмен. Құны — 1200 теңге. Ақтөбе мен Шымкентте 2000-2100 теңге болып тұр.
Алматы, Астана, Талдықорған, Семей мен Қонаевта орташа баға — 5000-7000 теңге. Ал Жезқазғанда 8000 теңгеге дейін жетіп тұр. Қазақстан бойынша қымбаты осы. Атырау мен Петропавлда баға — 6500-7000 теңге.
Өткен аптада Қазақстан қалаларындағы қант бағасын білдік.