Есепті кезеңде инвестицияның басым көзі болып шаруашылық субъектілердің жеке қаражаты қалып отыр. Оның көлемі 5496 млрд теңгені құрады. Қаңтар-қыркүйек айларында машина, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-cаймандар және оларды күрделі жөндеуге бағытталған инвестициялық салымдар 16,5 пайызға өскен.
Негізгі капиталға салынатын инвестицияның айтарлықтай үлесі тау-кен қазу өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеу (42,2 пайыз), жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар (13,3 пайыз) және көлік пен қаттауда болған. Ірі кәсіпорындар инвестициялық салымдарының көлемі 4195,8 млрд теңгені құрады.