Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, инвестициялық салымдар үшін мейлінше тартымды салалар тау-кен өнеркәсібі мен карьерлер өндірісі болып, олар жалпы инвестицияның 51,4 пайызына тең болған.
«Инвестицияның басым көздері шаруашылық субъектілерінің өзіндік жеке қаражаттары болып табылады, ал олардың үлес салмағы 2015 жылдың қаңтарында 74,5 пайызға тең болды. Сонымен қатар, инвестициядағы мемлекеттік бюджеттің үлесі - 2 пайызды, банктер кредиті - 3,2 пайызды, заем қаражаттары - 20,3 пайызды, резиденттер еместердің заемдық қаражаттары - 17,1 пайызды құраған», - делінген баспасөз баянында.
Сонымен қатар, мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда 2015 жылдың қаңтарында жүк айналымы 2014 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 22 пайызға артып, 40,693 млрд тонна/шақырым құраған.