Есептік кезеңде инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып отыр. Оның көлемі - 7043,2 млрд теңге. Қаңтар-қарашада машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен саймандарды сатып алуға және оларды күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған инвестиция 5,1% артқан.
Негізгі капиталға инвестициялардың басым дені кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға (41,7%), көлік және қоймалау (12,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (13%) тиесілі. Ірі кәсіпорындардың инвестиция көлемі 5381 млрд теңгені құрап отыр.