Есептік кезеңде инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып отыр. Оның көлемі - 604,2 млрд теңге. Қаңтарда машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен саймандарды сатып алуға және оларды күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған инвестиция 6,4% артқан.
Негізгі капиталға инвестициялардың басым дені кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуға (56,1%), көлік және қоймалау (8,7%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (11,7%) тиесілі. Ірі кәсіпорындардың инвестиция көлемі 449,7 млрд теңгені құрап отыр.