Қазақстанда несиелік айыппұлдар пен өсімақылар кешірілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 30 млрд теңгеден асатын несиелік айыппұлдары пен өсімақылары кешірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Айыппұлдар менөсімақылар 30 млрд теңгеден асады. Ұлттық банк олардың 30% жабады, қалғаны -екінші деңгейлі банктер есебінен кешіріледі. Қазіргі уақытта барлық айыппұлдармен өсімақылар кешірілді», - деді ҚР Ұлттық банкі Қаржы ұйымдарының әдіснамасыжәне реттеу департаментінің директоры Дәурен Сәлімбаев астана әкімдігінде өткенбаспасөз мәслихатында.

Ұлттық банк өкілікелешекте 90 күннен асып кеткен кепілсіз қарыздарға айыппұл, өсімақы салуға заңжүзінде тыйым салынатынын еске салды.

«Қазір банкқауымдастығымен қарыз жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілдерін өзгертумәселелерін талқылаудамыз. Қарыз жүктемесін шектейтін тұрақты механизм бар. Олай сайынғы несие төлеміне табыстың 50% ғана жұмсауға рұқсат береді», - деп атапөтті спикер.

Оның айтуынша, төлемтабыстың 50% асып кетсе, тұрғынға неисе берілмейді.

«Қазір бұл мәселенішешіп жатырмыз. Қарыз жүктемесін есептеуде ең төменгі күнкөріс деңгейі жәнеәрбір отбасы мүшесінің күнкөрісіне қажетті сома анықталады», - деді Д.Сәлімбаев.

Айта кетсек, 2019 жылдың26 маусымында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасыазаматтарының қарыз жүктемесін азайту туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін Ұлттықбанк қазақстандықтардың кредитін жауып беру процедурасын толық түсіндіргенболатын.


Соңғы жаңалықтар