«Қазіргіуақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрияландырудың2-бесжылдығына талдау жүргізуде. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен,әкімдіктермен және даму институттарымен бірлесіп, экономика секторларынамемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының тиімділігі, іс-шараларжоспарларының іске асырылу тиімділігі мәселелері қарастырылды. Талдаунәтижелері әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландырубағдарламасында ескерілетін болады», - деді ол.
Соныменқатар Жеңіс Қасымбек нысандарды салу шығындарын азайту және отандықматериалдарды пайдалану мәселесіне тоқталды.
«Тұрғын үй,білім беру, денсаулық сақтау, су, спорт және басқа да салалардағы нысандарды салуға 100-ден астаммодельдік жоба әзірленді. 2016-2018 жылдар аралығында әкімдіктер типтік жобаларбойынша 238 нысан тұрғызды. Осы үлгілік жобаларды қолдану кезінде жобалық-сметалыққұжаттаманы әзірлеу құны орта есеппен 55-65% - ға, ал мерзімі 5-6 айға қысқарады.Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үлгілік жобаларды міндетті түрдепайдалануы бөлігінде бюджеттік заңнамаға түзетулер дайындалды», - деді Жеңіс Қасымбек.