«Бюджетке жүктемені төмендетуге жекешелендіру мен мемлекеттің үлесі бар кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға беру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ықпал етеді. 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарында 780 ұйым қамтылған. Ағымдағы жылы тағы да 103 ұйым қосылады. 2016 жылы бәсекелестік ортаға 244 нысан беріліп, осыдан келіп түскен қаржы 30,7 млрд. теңгеге жетті. Жалпы, қазіргі кезде 106 млрд. теңгеге 394 нысан өткізілді»,-деді министр.
Т. Сүлейменовтің айтуынша, мүлікті түгендеудің қорытындысы бойынша жоспарға мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынышты 130 ұйымы енгізіледі, сондай-ақ республикалық және коммуналдық меншіктегі 623 ұйым жабылады.