«Еліміздің стационарларында өкпені жасанды желдетуге арналған 3 200-ден астам аппарат бар. Инфекциялық стационарлардың жансақтау бөлімшелеріне аталған аппаратқа қажеттілік туындаған жағдайда олар қосымша қамтамасыз етілетін болады. Дегенмен бүгінгі күні инфекциялық стационарлардың бөлімшелеріндегі өкпені жасанды желдету аппараттардың тек үштен бірі ғана жағдайы өте ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін қолданылып жатыр», - деді Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол қажеттілік туындайтын жағдай болса, бұл мәселенің оң шешілетіндігін айтты.
Бұған дейін Ләззат Ақтаева, дәрігерлер өте ауыр хәлде жатқан 322 пациенттің бетін бері қаратқанын айтқан еді.