"ІТ білім бізде үшінші сыныптан бастап оқытылады. Дегенмен одан да ертерек оқытқан жұрыс болар еді. Атап айтқанда, информатика сыныптарының білім беру бағдарламаларын заманауи ету маңызды. Бұл ретте Microsoft және Google компанияларымен бірлесе жұмыс істеудеміз. Екінші маңызды бағыт Дүниежүзілік банк қарызы аясында барлық информатика сыныптарын біркелкі компьютерлермен қамтамасыз ету. Оларда Minecraft базасында блоктық бағдарламалау болады. Егер жоспар ойдағыдай іске асса, онда биыл осы бағдарламаны орта буыннан 11 сынып аралығында бастаймыз", - деді ҚР БҒМ басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан «Нұр Отан» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Өз кезегінде Елбасы цифрландыруды білім саласымен қатар, барша экономикада қамту керектігін қадап айтты.
"Мәулен Әшімбаев ("Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары) партияның цифрлық саладағы жұмыстарын баяндап берді. Біз барша Қазақстанды бұл идеяға назар аудартуымыз керек. Бұның барлығын бекерге айтылып тұрған жоқ, іске асыратын мезгіл жетті", - деді Елбасы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевке қаратып айтқан сөзінде.
Президент бұл саланы ілгерілетуге, жобаларды әзірлеуге қауқарлы талантты адамдарды анықтап, іріктеуге назар аудару қажеттігін тапсырды.
Айта кетейік, Microsoft мамандары балаларды оқытуға арналған тұғырнаманы даярлап шықты. Бұл өз кезегінде Minecraf ойын әлемімен өзара іс-қимыл арқылы бағдарламалаудың негіздерін оқытуға мүмкіндік береді.