Қазақстанда өмір сүру сапасы жақсарып келеді
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың кірісі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артты. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың ақпан айымен салыстырғанда тұрғындардың наурыз айындағы сатып алу қабілеті бірден 4,8%-ға көтерілген.
Былтырғы жылы қазақстандықтың бюджетіне енетін еңбекақы мен сатып алу қабілеті орташа жылдамдықпен айына 0,2 %-ға қысқарғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы Қазақстандағы нақты табыс соңғы 7 жылда алғаш рет 4,5 %-ға құлады.
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері қалыпты деңгейде.
БҰҰ ұсыныстарына сай, қорлардың коэффициент көрсеткіші 8-10-нан аспауы тиіс, олай болмаған жағдайда әлеуметтік дүмпу қаупін туғызып, қоғам жіктелуінің ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін.