АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 800 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі Pm.kz сайтына.
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 800 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды, өндірістің нақты көлемінің индексі 101-102% құрады», делінген ведомство хабарламасында.
Оның ішінде, өңделген сүт өндірісінің көлемі -111,2 тоннаны, күріш - 87,5 тоннаны, макарон - 122,6 тоннаны, шоколад - 83,7 тоннаны, маргарин - 39,7 тоннаны, шұжық - 30,9 тоннаны құрады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.