Айта кетсек, бұған дейін Үкімет отырысында Нұрлан Ноғаев Қазақстанда осы жылдың қаңтарынан қазан айына дейін мұнай және конденсат өндірісінің көлемі 71,6 млн тоннаға жеткені айтылған еді.
«Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 13 млн тонна мұнай өңделді, бұл көрсеткіш қаңтар-қазан айларының жоспарына 98,4% құрайды. Соның ішінде автобензин бойынша көрсеткіш 3,66 млн тоннаға жетті, яғни осы жылғы 10 ай жоспарына 100,8%. Битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша 949 мың тоннаға жетті, яғни есепті айдың жоспарына 107,1%.
Мұнай-газ-химия өнімдеріне тоқталатын болсақ, оның көлемі 298 мың тоннаға жетті, бұл осы жылдың 10 айының жоспарынан асып түсті, яғни 110,3%», - деді ол.