«2016 жылы туық жұмыртқасын өндірушілер Ресейге және басқа елдерге бағытталған экспортты 12,5 есеге арттырды. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш және оны статисткадан көре аласыздар»,-деді Айтуғанов.
Ол елімізден жеткізілген жұмыртқа Ресейде жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Осы орайда ол РФ-ның Санкт-Петербург қаласына Қазақстаннан құс жұмыртқасы елеулі көлемде жеткізіліп жатқандығын айтты. Валюта бағамындағы айырмашылыққа қарамастан, экспорт көлемі жоғарылап отырған көрінеді.
«Санкциялар Ресейге ықпал етуі мүмкін, яғни бүгінде тауық жұмыртқасы РФ-да өте жоғары сұранысқа ие»,-деді ол.
Статистика мәліметіне қарағанда, Қазақстан нарығында тауық жұмыртқасы 100 пайызға қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар аталған өнім БАӘ, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және басқа да елдерге экспортталуда. Мұнымен қоса, Қытай бағытында экспортты арттыру жоспарда бар. Елімізде 30-дан астам құс фабрикалары жұмыс істеп жатыр.