Осы жылдың басында өндірістік ғимараттарды жалға алу құны 1,4%-ға, басқа да коммерциялық жылжымайтын мүліктер - 0,8%-ға, паркингтер - 0,3%-ға қымбаттады. Әкімшілік-кеңселік бағыттағы, сауда және қойма ғимараттарының аренда бағасы 0,2%-ға артты. Өз кезегінде мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарының жалға алу құны өзгеріссіз қалған.
Есепті кезеңде өнеркәсіп базаларында баға қатты көтерілген - 2,2%. Банк бөлімшелері мен өндірістік цехтар - 1,1%-ға, фотосалондар 0,6%-ға жоғарылаған. Дүңгіршектер арендасы 1,8%-ға, фитнес клубтар мен жаттығу залдары 0,8%-ға арзандаған.