Қазақстанда өндіріс саласына жасанды интеллекті енгізуді көздейтін Жол картасы бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп секторында жасанды интеллектіні енгізуді дамытуға бағытталған Жол картасы бекітілді.
Бұл - жасанды интеллектіні өндіріс саласында қолдану мықтап қолға алынғанын айқындайды.
Бұл туралы өнеркәсіпті цифрландыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. Кездесуде жасанды жүйені жетілдіру және қолдану тетіктері талқыланды.
Demo Day-дің мақсаты – Қазақстан кәсіпорындарында қолданылып жатқан жасанды интеллект саласындағы практикалық шешімдерді көрсету. Қазір елдегі барлық сала жаппай сандық форматқа ауысып жатқанымен, жасанды интелекті енгізген өндіріс орындары саусақпен санарлық.
– Цифрландыру бағыт-бағытымен дамып жатыр. бірақ, барлық жерге жасанды интеллект кірді деп айтуға әлі ерте, - дейді Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.
Мәселен, былтыр кәсіпорындарды цифрландыру деңгейі 19 пайызды құраса, биыл осы көрсеткішті 23 пайызға дейін көтеру міндеті тұр. Енді осы 19 пайыздың ішінде тек оншақты нысанда ғана жасанды зейін жұмыс істейді.
Іс-шараға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің басшылығы қатысты.
Demo Day аясында ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитетінің, QazIndustry, алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік және ІТ-компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Astana Hub резиденттері өз ұсынымдарын жасады.
Алаңда өнеркәсіп саласындағы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері талқыланып, өнеркәсіптік талдаулар мен болжаулар ұсынылады, сондай-ақ кәсіпорындарда ИИ-ды енгізудің сәтті кейстері көрсетіледі.
Айта кетейік, агроөнеркәсіптік кешендегі процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект агенттері енгізіледі.