Бұл ретте өнеркәсіп бағытындағы қызметтер қоса алынып отырғанын айта кету керек.
Жыл басынан бері қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіруші-кәсіпорындардың бағасы 2,8% өсті, тау-кен саласында 2% қымбаттады. Өндірілген өнеркәсіп өнімінің құны 2,1% артты, өнеркәсіп бағытындағы қызметтер 5,9% өсті.
Аталған мерзімде дизель отыны 10,3%, табиғи газ 5,6%, көмір 3,3%, металл рудалары 3,1%, мұнай 1,5%, мазут 1,1% бензин 0,4% қымбаттап, сұйытылған пропан мен бутан 2,2% арзандап кетті.
Ферроқорытпалар 15,3%, қаратметалдар прокаты 5,9%, цинк 0,7% қымбаттап, аллюминий 3,5%, қорғасын 3,4%, мыс 2,2%, құнды металдар 0,9% арзандаған.
Өнім өндірушілер арасында шай бағасы 4%, қарабидай ұны 3,6%, өсімдік майы 2,6%, қант 2,4%, күріш 1,9%, сүт өнімдері 0,7%, нан 0,4% өсіп, бидай ұны 4,9%, жармалар 4,5%, құс еті 1,6%, макарон өнімдері 1,5% төмендеді.