деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Статистика агенттігінен хабарлағандай, өткен қазан айында оның алдыңғы аймен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібінде бағалар 2,4 пайызға төмендеді, ал қайта өңдеу өнеркәсібінде, керісінше - 0,9 пайызға және электрэнергияны, газ және суды өндіру мен таратуда - 0,5 пайызға артқан.
Өткен айда мұнай бағасының 3,4 пайызға, газ конденсатының - 1,9-ға, өңделмеген алюминийдің - 0,3 пайызға төмендегені тіркелсе, пропан мен сұйытылған бутан - 7,3, метал рудалар - 6,8 және ферроқорытпалар - 1,7 пайызға қымбаттады.
Сондай-ақ бидай ұны - 4,6 пайызға, жармалар - 1,3, өсімдік майы мен макарон өнімдері - 0,7 пайызға арзандай түссе, күріш - 7,9, қант - 3,9, балық - 3,6, спирт - 3,2 және кондитерлік өнімдер - 1,9 пайызға қымбаттаған.