Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылуы мүмкін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі жанынан өнеркәсіпті дамыту қоры құрылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасында қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, мұндай қорлар Ресейде, Беларусь елінде және Экономикалықынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде табысты жұмыс істеп тұр. Оларжылдық 1-4% мөлшерлеме бойынша заемдар береді, ал лизинг жобаларына проценттік мөлшерлеме 1% құрайды. Атапайтқанда, Ресейдегі қор өз қаражатын станоктар, қалбырлар шығаруға, құрамдасөнімдер өндіруге, өнеркәсіпті цифрландыруға, еңбек өнімділігін арттыруғажұмсайды.

Қор қызметінің тиімділігі ретінде өнеркәсіпті қолдаудың жалпыламасаясаты бір ұйымға топтастырылатындығымен негізделеді. Яғни, мемлекеттікқолдаудың тиімділігіне нақты мониторинг пен анализ жасалады. Бұл реттесарапшылар бүгінгі күні өңдеуші өнеркәсіпті даму институттары мен екіншідеңгейлі банктер арқылы қаржыландырудың тиімсіз екенін атап өтеді. Мәселен,өңдеу өнеркәсібінің негізгі қаржы операторы «Бәйтерек» ҰБҚ» АҚ 2017 жылғы жалпысомасы 2 трлн теңгені құрайтын қаржыландырудың тек 6,6% пайызын ғана өңдеусаласына бағыттаған.

Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда отандық машина жасау секторындамына салалар импортқа тәуелді болып отыр:

- Электрожабдықтар – $ 2,7 млрд;

- Автомобиль жасау – $ 1,8 млрд;

- Мұнайгаз саласындағы машина жасау – $ 1,3 млрд;

- Тау-кен саласындағы машина жасау – $ 1,04 млрд.

Бұл ретте қазақстандық кәсіпорындар мұнай газ саласы бойынша импорттыалмастыратын өнімдерді жеткізу мүмкіндігі 56,7 млрд. теңгені құрайды. Соныменқатар, отандық кәсіпорындар ірі операторлар үшін 100 млрд теңгеге дейінгікөлемде жаңа өнімдер өндірісін жолға қоюға дайын екендігін білдіреді.

Айта кетерлігі, Өнеркәсіпті дамыту қорын қаржыландыру тоқсан,жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша игерілмеген қаражаттарды қайта бөлуесебінен жүзеге асатыны көзделеді.