Биыл қаңтар-қарашада былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерін өндіру көлемі артқан. Азық-түлік, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургиялық өнеркәсіп және машина жасау өндірісі ұлғайған. Бірақ, сусындар өндірісі төмендеген.
Атап айтқанда, мұнай өндірісі, соның ішінде газ конденсаты 82,4 млн тонна (былтырғыдан 4,9% пайыз көп), мыс рудалары - 94,7 млн тонна (+7,4%) болған. Бензин көлемі 3,6 млн тонна (+28,9%), газ майы дизель отыны - 4,3 млн тоннаны (+8,3%) құрап отыр.
Республиканың 14 өңірінде өнеркәсіптік өнімдерді өндіру көлемінің артқаны байқалды.