«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен зиялы қауым өкілдері қатысып, тұлғаның сан қырлы шығармашылық мұрасы мен өмір жолы туралы зерттеулерін ортаға салды. Айта кету қажет, бүгінгі күні Сегіз серінің көптеген әндерінің тек 16-сы ғана оның туындысы ретінде дәлелденген.
«Бізде музыка, өнертану ғылымы кенжелеп қалды деуге де келмейді. Бізде қазір өнертану ғылымы жоқ. Әдебиеттану болған соң, әдебиет тарапынан Сегіз серінің шығармалары қаралып жатыр, зерттеліп жатыр. Ал музыкаға байланысты айтарым, бізде Сегіз серінің шығармашылығын зерттеп жатқан адам жоқ», - деді Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек.
Басты фото: sxodim.com