«Жыл қорытындысы бойынша инвестициялық штабта қаралатын өңірлердің инвестициялық рейтингі әзірленіп, Президенттің қарауына енгізіледі. Сонымен қатар салалық министрліктер мен квазимемлекеттік ұйымдарда да инвесторлармен жұмыс жасау мәселесінде бытыраңқылық бар», - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Осыған орай, Мұхтар Тілеуберді бірінші басшылар нақты жоспарлары мен көрсеткіштері бар инвесторлармен жұмыс істеу үшін жауапты орынбасарларын айқындауы қажеттігін баса айтты.
«Асқар Ұзақбайұлы, отырыс хаттамасына тиісті тапсырмалар енгізуіңізді сұраймын», - деді ол Премьер-Министр Асқар Маминге қарата.