НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-петицияның бірыңғай легитимді институтын құру керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Азаматтар тарапынан реформалар мен ұсыныстарға бастама жасау үшін онлайн-петицияның бірыңғай легитимді институтын құру керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында.
Президент осындай механизм қандай да бір манипуляциядан толықтай қорғалуы керектігін атап өтті.
«Үкіметтің алдында азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестікпен нормативтік-құқықтық базаны әзірлеп, осы маңызды жобаға қатысты барлық техникалық мәселелерді шешу міндеті тұр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.