Қазақстанда операциядан кейін болатын нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге азайды - ДСӘДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда неонатальды хирургияның жетілдірілуіне байланысты операциядан кейін болатын нәрестелер өлім-жітімі 3 есеге азайды, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.

«Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің штаттан тыс бас неонатальды хирург-маманы А.Ерекешов ҚР ДСӘДМ бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекованың төрағалығымен өткен ана мен бала өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту үшін жедел шаралар қабылдау жөніндегі республикалық штабтың кезекті отырысында мәлімдеді.

2014 жылғы 9 айда жаңа туған нәрестелерге көрсетілген хирургиялық көмекке жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша Қазақстанда аталған қызметті жетілдіруде оң үрдіс байқалады», делінген хабарламада.