Тамара Дүйсенова мәлім етті. «Біз еңбек ресурстары бойынша тапшылық көріп отырған аймақтарды анықтайтын боламыз. Сондай өңiрлерде тұруға ниет танытқан қандастарға ҚР Үкiметi әлеуметтiк пакеттер ұсынады. Оның iшiнде жолға кеткен шығын өтелiп, қосымша қызметтік пәтерлер беріледі», - деді Т.Дүйсенова.
Оның айтуынша, оралмандар бұл пәтерлерді бес жылдың iшiнде өздерiнiң меншiгiне аудара алады.
«Арендалық негізде алынған қызметтік пәтерлерді олар 5 жыл көлемінде өтеп, өз аттарына жекешелендіруге қол жеткізеді», - деп атап өтті министр.