ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2014 жылғы 20 наурыз, Астана, Үкімет Үй, №248
Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №248 қаулысына қосымша
Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер: 1. Ақмола облысы 2. Атырау облысы 3. Шығыс Қазақстан облысы 4. Батыс Қазақстан облысы 5. Қостанай облысы 6. Павлодар облысы 7. Солтүстік Қазақстан облысы.