Қазақстанда органикалық азық-түлік стандарттары бойынша нормативтік құжат қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда органикалық азық-түлік стандарттары бойынша нормативтік құжат қабылданады. Бұл жайында бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2021 жылға қарай азық-түлік өнімдері экспортын 40 пайызға ұлғайту міндетін шешу үшін әрбір жылға арналған нақты  көрсеткіштер айқындалған. Ағымдағы жылы экспорт көлемі 10 пайызға артады деп күтілуде. Осыған байланысты әлеуметтік экспорттық нарықтар бойынша жол картасын бекіту және мақсатты әдістерді түзу қарастырылуда», - деді  Айтуғанов министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше,  әлеуметтік экспорттық нарықтар ретінде Қытай, Ресей және Парсы шығанағы елдері қарастырылып отыр.

«Бұл үшін Азық-түлік корпорациясының қызметі қайта ұйымдастырылды. Ол тек қана астық емес, сонымен бірге басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын болады. Мұнан бөлек, ҚазЭкспортГарант арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге экспорттық келісімшарттарға сақтандыру мен кепіл ұсынылады», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол органикалық ауыл шаруашылығы саласында органикалық азық-түлік стандарттары, биопрепараттарды өндіру және қолдану бойынша нормативтік құжат қабылданатындығын, қажетті зертханалар құрылатындығын баса айтты.