Қазақстанда «Өрлеу» ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы құрылды

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Елімізде «Өрлеу» ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы құрылды.

Бұл туралы бүгін елордадағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өз жұмысын бастаған жалпы білім беретін мектептер педагогтарының біліктілігін арттыру курсы барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Білім беру жүйесін жаңғырту заманауи мектептердегі ұстаз туралы түбегейлі жаңа түсініктің пайда болуына негізделгенін атап өткен министр: «Осы мақсатта республикада қолданыстағы біліктілік арттыру жүйесін қайта қарастыру басталды. Біліктілік арттырудың базалық кезендері құрыды», - деді.

Оның атап өтуінше, Педагогикалық шеберлік орталығы және оның Назарбаев зияткерлік мектептердің базасындағы филиалдары бірінші кешен болып табылады.  Болашақта бұл орталықта еліміздің барлық мектептеріне отандық және шетелдік тәжірибені таратуға қабілетті мықты педагогтар шоғырланады.

«Бүгін қалыптастырып отырған екінші кешен  - «Өрлеу» ұлттық педагогтардың біліктілігін арттыру орталығы» АҚ. Ол жұмыс істеп тұрған Республикалық білім беру жүйесіндегі басшылық және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты мен облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 16 институтының басын қосады», - деді Б.Жұмағұлов.