АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда орман өрттерінің салдарынан болған оқиғалардың саны 4 есе, көлемі 3 есе және келтірілген залал сомасы 6 есе азайды. Бұл туралы бүгін ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Владимир Беккер айтты.
Оның атап өтуінше, 2013 жылғы өрт қауіпті кезең басталғаннан бастап Қазақстан Республикасының аумағында 75 табиғи өрт тіркеліп, көлемі 2245 га құрады. Өрттің салдарынан болған залал - 8 млн. 677 мың теңге.
Орман өрттерін жедел байқау мақсатында 200 өрт-бақылау мұнарасы орнатылды, онда өрт қауіпті мезгіл бойы кезекшілік жүргізіледі.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.