Қазақстанда өрт кезінде 3 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте өрт кезінде 3 адам мерт болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Мәселен, Өскеменде 10 наурыз күні түнгі 3.51-де 5 қабатты көппәтерлі үйде өрт шықты. Жалын сағат 4.57-де сөндірілді. Өрт 6 шаршыметр аумақты шарпыды. Бұл оқиғада өрт орнынан 58 жастағы адамның мәйіті табылды. Таразда 9 наурызда сағат 7.57-де «Қазқайталамақараметалл» АҚ филиалының ғимаратындағы жұмысшылар демалатын бөлмеде өрт болды. Жалын 20 шаршыметр аумақты шарпыды. Өрт орнынан 58 жастағы ер адамның және әйелдің мүрдесі табылды, олардың аты-жөндері анықталуда.