«Атаулы жалақы индексі 2013 жылғы наурызға 107,3 пайызды, ал нақты жалақы индексі 101 пайызды құрады. Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда - 246,9 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 224,5 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде 211,5 мың теңге көлемінде белгіленді», - делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді - 53,9 мың теңге, бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 53,8 пайызға төмен. Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Маңғыстау облысында тіркелді - 223,9 мың теңге, ол орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 75,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,6 пайызға төмен.
11:47, 27 Сәуір 2014
Қазақстанда орташа айлық атаулы жалақы 116 768 теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы наурыздағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 116 768 теңгені құрады.