Қазақстанда осы кезде 3 213 адам коронавирустан ем алып жатыр
10:32, 05 Қазан 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Емделіп жатқандардың арасында 73 сәби бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр, 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.