Қазақстанда осы уақытта 10 435 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 10 435 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр, 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 220 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 26 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.