Қазақстанда осы уақытта 14 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстанда 14 060 адам корнавирустан меделіп датыр, оның ішінде 1049 бала бар. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, осы уақытта еліміздің стационарларында 4 057 науқас жатыр, 10 003 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 234 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.